Ақын сезмі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Аспан ашық, желсіз, үнсіз күн тымық,
Гүлді, нұрлы жатыр дала құлпырып.
Қарағайлар терезеге қарайды,
Қолын созып талпынғандай ұмтылып.
Тау бұлағы жол бойында сыңғырлап,
Тербетеді әлденендей жыр жырлап.
Түсінбеймін, құлағыма келеді үн,
Жас баланың сөздеріндей былдырлап.
Ортасында отырып мен ән-күйдің,
Көңілім ояу, көзді жұмып қалғимын.
Өлең болып құйылса деп қағазға
Жер мен көктің құпиясын аңдимын.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ақын сезмі, Акын сезми сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016