Ақын өлімі сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қара көйлек көк киіп,
Қараңғы тартты ашық күн.
Құлады ақын оқ тиіп,
Етегінде Машуктың.
Аяды жауын тура атпай
Ақ болып жаны өлсе құл.
Жығылды бүгін тіл қатпай,
Дүниеге кеше берсе тіл.
Орман-тау қайда баяғы,
Алдында көздің жоқ түк те.
Үзілді өмірбаяны
Қойып бір өтті оқ нүкте.
Табиғат жоқтап жыршысын,
Қабағын түйді тұнжырап.
Найзағай тіліп бұлт ішін,
Күңіреніп тұрды күн жылап.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ақын өлімі, Акын олими сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016