Аққу сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Қос қанатын дүр сілкіп,
Жан-жағына қаранып.
Садақ мойнын иілтіп,
Сылаң қағып таранып,
Қайта-қайта саңқылдап,
Қанаттарын қақты аққу,
Айдын көлде жалтылдап,
Жүзгендей бір аппақ ту.
Келсе-дағы қарсы дәл,
Мерген оны атпады.
Оның-дағы бар шығар
Аққу-сынды аппағы.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Аққу, Акку сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016