Әкеме сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Керілген көк жібектей көк әлемі,
Тағы да келді көктем — күн әдемі.
Сен маған бұл көктемде кездеспедің,
Айтатын көңілімде сыр бар еді.
Ұлыңның көп ойладың жалғыздығын,
Бірақ та емес ұлың жалғыз бүгін.
Бақытты достарының ортасында
Келеді көріп өмір бар қызығын.
Көз жұмдың былтырғы өткен апрельде,
Табытың түсірілді тақыр жерге.
Жастықтың жалынымен бір жалғасып,
Ұзарған кәрі өмірің жатыр менде.
1953
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Әкеме, Акеме сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016