Ақайша сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Өмірге қадам бір бастың,
Өтірік пе айтшы, Ақайша?
Өзіммен түйдей құрдассың
Жеңеше дейін қалайша.
Мен де онда баламын,
Бір жүгірдің сен кеше.
Жасы үлкен деп ағаңның
Болмақшысың, жеңеше.
Бұрынғы өткен кездерден,
Қалмағандай бір белгі.
Бар мінезің өзгерген,
Ұмытып жас күндерді.
Ескі әдетпен тегінде
Жеңге десем жақынсың.
Бірақ көне көңілде
Құрдас болып жатырсың.
* * *
Ағашқа жазды ол атын, Өшірді оны жел сызып. Жартасқа жазды ол атын, Әкетті оны сел бұзып.
Қайтсем де тарих бетінде, Қаламын деді ол мәңгілік. Шыға алмай даңқ шетіне, Ақыры кетті қаңғырып.
* * *
Кешір мені, қайран Алтай,
Айлар бойы үндемедім.
Кешір мені, Тарбағатай,
Түсіме ендің түнде менің.
Жалпақ жиһан тынысындай
Әлі күнге жас тауларың,
Қызыл арай құрышыңдай
Жүзеді от боп аспанда күн.
Жатады ылғи мұз жамылып,
Жасыл ала биіктерің,
Күн қасында құзда туып,
Аяқтанған киіктерің.
Жүресіңдер шумақталып,
Көңілімде көшіп бұлттай.
Жүрегімнен жырды ақтарып,
Толқисыңдар кеш мұхиттай.
Кешір мені, қайран Алтай,
Айлар бойы үндемедім.
Кешір мені, Тарбағатай,
Түсіме ендің түнде менің
* * *
Өседі бір қарағай шың түбінде, Жаз кетпей қонақтайды бүртігінде. Сөйлейді табиғаттың мың тілінде Тұрады жасыл жастық кірпігінде.
Қалжырап, қартайды жер, қартайды аспан
Келеді сол қарағай қартаймастан.
Дүниеде жасаса да жүздеген жыл
Баладай жаңа аяғын тәй-тәй басқан.
Жуады ақ бұлақтар, ақ нөсерлер,
Кекілін сипайды жәй таңғы желдер.
Шабыттай денесіне шапшып шырын,
Ағады бауырынан қарлы селдер.
Бір өзі тұр қасқайып, бір ғасырдай
Қаншама жазса да ақын жырға сыймай.
Ай ғана асылады басына оның
Сұлудың сәулесі ойнап сырғасындай.
* * *
Қайратынан дауыл бұрқап, Күзді отымен қыздырып. Қызыл бидай әнін шырқап, Қырманда жүр қыз-жігіт.
Қызыл қырман —қызыл таулар, Қолдан соққан мүсіндей. Атып жатыр қызыл таңдар, Қызыл бидай түсіндей.
Қызыл қырман қыр бетінде, Жанады оттай алаулап. Көкжиектің бір шетінде Батады күн талаурап.
Төңкерілген тостағандай, Қыздың мөлдір жанары. Жігітке отын тастағандай Күндей ол да жанады.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ақайша, Акайша сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016