Ақ түс сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Сүйемін түскі тауды аппақ,
Сүйемін қысқы қарды аппақ.
Сүйемін өзен жарына
Сүйеніп тұрған талды аппақ.
Сүйемін селдір бұлтты аппақ,
Сүйемін мөлдір сүтті аппақ.
Сүйемін аппақ көңілді
Ақ жаныммен құттықтап.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ақ түс, Ак тус сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016