Ақ қалпағы басында сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Көгінде күн күркіреп,
Алды үйіріп даланы.
Жаңбырлы бұлт сіркіреп,
Шайып өтті ауаны.
Көктем желі шарлаған
Қыс көйлегін сыпырды.
Қызғалдақтар аумаған,
Қызыл тулар сықылды.
Ақты өзен алға ұзап,
Ақ тал қалмай шашында,
Алатау тұр жалғыз-ақ,
Ақ қалпағы басында.
1956
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ақ қалпағы басында, Ак калпагы басында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016