Ақ қайың сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жапырағын күн сүйіп,
Бұтағын жел тербеткен.
Даласында Волховтың,
Дарқан өсіп ер жеткен.
Туған жерде тербелген,
Көк желекті ақ қайың,
Көк теңселген майданда,
Көз нұрындай сақтайын.
1942
* * *
Депсің мені есіңе ал,
Күнбатыста жүргенде.
Депсің мені есіңе ал,
Қиын-қыстау күндерде.
Сен де мені есіңе ал,
Басқалардан қызғана.
Есіне алса несі бар,
Сүйген жарын қыз бала.
1942. Волхов майданы
* * *
Шіркін қыздар шырт ұйқыда
Жатыр ма екен бұл түні.
Оята ма әлде оларды,
Зеңбіректің күркірі.
Аттанарда керек десе,
Жүзігіңді алмаппын.
Су басында кездесуге
Уақытым жоқ солдатпын.
Ешкімге мен айтқаным жоқ,
Деп сені: «Мен сүйемін».
Шынымды айтсам, ұстағам жоқ
Ешбір қыздың білегін.
Шіркін, қыздар, хат жазсайшы,
Тым болмаса біреуің.
Суретімді хатқа салып,
Дер ем: «Сені сүйемін».
1942. Волхов майданы
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Ақ қайың, Ак кайын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016