Айдарлыда айдарбай сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Алғашында Айдарлы,
Тау екен бір айбарлы.
Сай тасындай сансыз қол,
Салды бір күн майданды.
Динамитпен бір атты,
Дүрсілдетіп құлатты.
Дүркірей тасы домалап,
Тау теңселіп тіл қатты.
Айбынды адам қол салды,
Тау тырп етпей қоршалды.
Жолбарыстай жотаның,
Жонын жарып жол салды.
Басында тұр Айдарбай,
Даңқын таудың жайғандай.
Осы өлкенің болатын,
Өлшеп, пішіп қойғандай.
Алуан металл тапқан соң,
Магниттің тауынан.
Табан тіреп Айдарбай
Айрылмай тұр жалынан.
1950
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Айдарлыда айдарбай, Айдарлыда айдарбай сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016