Адам қуаты сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Бұлақтар таудан құйылса,
Күлкісінде сен барсың.
Ормандар жазда шайқалса
Жапырағында сен барсың.
Толысып егін дән жайса
Топырағында сен барсың.
Аспанда оттар жағылса
Сәулесінде сен барсың.
Әлемде бүкіл сен барсың,
Сенсіз жоқ өмір бұл жерде,
Сен отсың қара түндерге,
Жер дүниені жылытқан
Адамсың жалғыз күн жерде.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Адам қуаты, Адам куаты сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016