Адалдық сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Жауынгер жазды жарына:
-Қор болып көзім сөнді деп.
Сен ортақ болма зарыма
Артпайын саған мен міндет.
Жүргенде ұстап ақ таяқ,
Күйзелер жаның қатты аяп
Азапқа сені салғанша,
Қалайын мұнда қайтпай-ақ.
Келіншек жазды жарына:
-Күнім деуші едің сен мені.
Сәуле шашып жолыңа
Болмайтын күннің жердегі.
Жабырқау тартпа жан сауда,
Айтқаның болсын сенің тек.
Бастайын қайда барсаң да
Таяғың болып жол сілтеп.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, Адалдық, Адалдык сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016