250-інші оқ туралы баллада сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Снаряд қара жердің ұрып төсін,
Волховтың сапырады тұнық кешін.
Жаралы жас жауынгер жанталасып,
Басады пулеметтің шүріппесін.
Қаптаған «хейнкельдер» төбесінде
Қадалды тағы да оқтар денесіне
250-інші оқ атылмай
Кептелді пулеметтің өңешінде.
Қозғалмай қаусап қалған жатыр жоны,
Шүріппені баса алмайды батыр қолы.
Тек оны күзеткендей пулеметтің
250-інші ақырғы оғы .
***
Оттың арасынан,
Оқтың арасынан,
Тайганың ағашынан
Бетбақтың даласынан,
Өткенде,-
Көгілдір мынау көктемде,
Ажалың сенің жеткен бе?!
Жатасың ба адырда
Төмпешік болып торғайдай,
Жүзіңді сенің жабуға,
Қалтырайды қол бармай.
Үстіңе төніп үңіліп,
Алдыңда тұрмыз жүгініп,
Тіліңде кеткен бір сөзді
Айтсаң бір нетті тіріліп,
Ойласа бойды и қылып,
Жаралы жүрек қансырар,
От болып жерді күйдіріп,
Саулады көзден тамшылар.
Жатырсың енді сен үнсіз
Қап–қара түндей тілі жоқ,
Құстардың да жыры жоқ
Айнала жым-жырт көңілсіз.
Аптығып келген ажалға
Ара тұрар қай күшің?
Дауа барма жазарға
Азалы жанның қайғысын.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, 250-інші оқ туралы баллада, 250-инши ок туралы баллада сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016