«жатыр мұнда суворов» сөзі

Сырбай Мәуленов

0
0

Бөлісу:


Измаил мен Альпіде
Көтерілген ту болып,
Ұран болған әр тілде,
«Жатыр мұнда Суворов»
Салтанатты қабірсіз,
Саусылдаған қарусыз.
Жатыр аяқ астында,
Атағы асқан жан үнсіз.
Лавраға барғанда
Кетер ішке у толып,
Деп жазылған мәрмәрға
«Жатыр мұнда Суворов»
Сұқтанарлық өзге жұрт
Керексіз деп мазарат
Өлген мұнда көз жұмып.
Қол басы ер азамат.
Сол сөзінен сыр ұғып,
Тұрмын оны түсініп,
Шіркін, қандай ұлылық,
Шіркін, қандай кішілік.
* * *
Күн көреді алыстан өз нұрларын,
Кішкене көздерінен қозылардың.
Кішкене көздерінен құлындардың,
Күн көреді алыстан өз нұрларын,
Жылу кіріп бойына отын ап күн,
Жарқ етеді жанары топырақтың,
Ашылады көздері көгілдірдің,
Ашылады көздері жапырақтың.
Сырбай Мәуленов, Сырбай Мауленов, «жатыр мұнда суворов», «жатыр мунда суворов» сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016