Жаңғырып Алтай тауы саласынан сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Жаңғырып Алтай тауы саласынан,
Майысқан ағаш, шөптер арасынан.
Деді маған тырысып құтылмасаң,
Сахраның б...іздейсін даласынан.
Телміріп бар өмірінде жемтік жеген
Қарғаның жаман-ақсың баласынан.
Онан да талаптанып, қолың созып,
Алланың несібеңді ал панасынан.
Маңдай тер, жанды қинап жігер етіп,
Тұрмысты алып соқшы жағасынан.
Ұқпайды бұл сөзімді басқа кісі
Махмұттың Әбдікәрім ағасынан.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Жаңғырып Алтай тауы саласынан, Жангырып Алтай тауы саласынан сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016