Соқыр ағаш сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


(Альбомнан)

Мен көрдім соқыр ағаш басын иген,
Жаһаннамға* кетеді оған тиген.
Зәһәр деп жас алманы дұспан тұтып,
Мисыздар ол ұжмақ деп барып сүйген.

Үстіне малы менен жанын үйген,
Хор қызын аламын деп алтынды үйден.
Қу соқыр жемісі жоқ ағашқа еріп,
Дүние мен ақыреті бірдей күйген.

* Жаһаннам (арабша) — дозақ деген сөз.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Соқыр ағаш, Сокыр агаш сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016