Өмірімнің уәдесі сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Оллаһи! Ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен,
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.
Келгенше осыларды отыз жасқа,
Іншалла бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа.
Сенемін еңбек қылсам, бақыт жақын,
Келер жаз атақты алам деген «ақын».
Жүректің қазынасы тазартылса,
Пайдасын көрер әлі-ақ ертең халқым.
Тұрмыстың оғы шыбындай,
Тезінен туар көңілімде ай.
Бір мағнауи күш түртіп,
Баққа ұмтылып тұр маңдай.
Үміттің көзі жарқырап,
Бұлағы ағар сарқырап.
Бұл бәйгеде Махмұттың
Азбаны келер арқырап.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Өмірімнің уәдесі, Омиримнин уадеси сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016