Неге жасаймын сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Сусыз, шетсіз шөлдерден,
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше!
Қасқыр мен қой дос болып,
Достықсыз өмір бос болып,
Шын өмірге жеткенше!
Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше;
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай өмір суалар.
Жасамаймын: «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем», - деп,
Жасаймын: «Бір қолғабыс,
Кейінгіге берем», - деп.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Неге жасаймын, Неге жасаймын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016