Мұның аты өш алу сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Өлеңім айт дегенде шырылдаған,
Ісімнің бәрі түгел қырындаған.
Қолымда, қалай қылып қорласам да,
Кешегі қызыл қаншық ырылдаған.

Шақпасам, бит болмаймын,
Үрмесем, ит болмаймын.
Қасымаса бит те қоюшы еді,
Үндемесе ит те қоюшы еді.

Жаман жалданса
Қалай жүрерін білмей,
Әкесінің басын жара жаздайды.
Әйелін көрсетем деп,
Абыройын шашып,
Артын аша жаздайды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Мұның аты өш алу, Мунын аты ош алу сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016