Маңайымнан әрмен кет сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Маңайымнан әрмен кет,
Жанды қуыршақ, арам ет.
Білдірместен астыртын
Алдап едің көз құртын,
Құр бояма қызыл бет.

Анадай тұрып қарасам,
Жанды ерітер жандайсың:
Жуып кетсем маңыңа
Екі аяқты малдайсың.
Сондай бола тұрып та
Өз-өзіңе қандайсың.

Бір көрмеге асылсың,
Көл көрмеге масылсың.
Тек ішіп-жеп жүк тартар
Сарттар мінген қашырсың.
Не сөйлерге тілің жоқ,
Не сөз ұғар білім жоқ,
Саған кімдер бас ұрсын?

Бірақ жазық қазақта:
Ұлы-қызы мазақта.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Маңайымнан әрмен кет, Манайымнан армен кет сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016