Қызық қандай адамды қыздыратын сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Қызық қандай адамды қыздыратын,
Қайғы қандай қаныңды бұздыратын.
Қанды кек, намысты өштік неден тумақ,
Жібітпей жүрегіңді мұз қылатын.

Ер бар ма елі үшін жан қиятын
Басшы бар ма етегіне ел сиятын.
Жанның бәрі өз ісін мақұлдайды,
Адам қайда сезетін ар-ұятын.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Қызық қандай адамды қыздыратын, Кызык кандай адамды кыздыратын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016