Құлағым бітелген жоқ сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық,
Түлкіден шешен сөзі кетті асып,
Белгілі жарамсақтық жарапазан
Қазаққа пайдалы істен мүлдем қашық.

Қозғалса ел намысы судай тасып,
Шешенің жақсы ат алмақ соны басып.
«Темірді қызғанда соқ» деген қайда,
Бұл неге қалтырайды қаны қашып?!

Қалың ел оянғанда көзін ашып,
Азаттық, теңдік үшін ұрандасып.
Бас тартқан дер кезінде басшылықтан
Жігерсіз, қайраты жоқ неткен жасық?!
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Құлағым бітелген жоқ, Кулагым бителген жок сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016