Қазақ тілі сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
"Ана" деген сүйгендік сөз әм менен

Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Қазақ тілі, Казак тили сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016