Бөлісу:


Балбырап шыққан жазғы гүл,
Көз тартқандай болады.
Кім біледі, сол түрде
Ер жетеді, толады;
Кім біледі, дән сорып,
Қандай мақұлық қонады;
Кім біледі, тола алмай,
Суық соғып тоңады;
Кім біледі, құрт түсіп,
Мезгілінсіз солады.
Мұның бәрін білмесең,
Өмірің қайдан оңады?
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Гүл, Гул сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016