Ей, махаббат! Ей, достық! сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Ей, махаббат! Ей, достық!
Алдама, сендер жалғансың.
Құр мазақтап, мәз болып,
Бойды аулаққа салғансың!

Дүние рахат, достық бар,
Тұрмыста жоқ суық қар.
Дүниені жауыз дегендер
Бәрі жынды, ақмақтар.

Көрсе қызар, құмарпаз
Байламап па еді бағыңды?
Адасасың сен, Махмұт,
Алданып қума сағымды.

Бес-он жылдар шыдашы,
Аларсың сонда тағыңды.
Сондай бола тұрып та,
Шыдамай саған не қылды?

Тәубе, уәдеңді жаңылып,
Мінезің неге қағынды?
Сен алданып жүргенде,
Сындырар тұрмыс жағыңды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Ей, махаббат! Ей, достық!, Ей, махаббат! Ей, достык! сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016