Дүниедегі қызықтың сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Дүниедегі қызықтың
Бәрі де арам мен үшін.
Дауасы жоқ бұзықпын,
Талпынбаймын ем үшін.
Туысқаным – қабір құшағы,
Қашан ол келіп құшады.

Ойланып һәм шарланбай,
Құтылған жоқ менен ой.
Ешбіреуін малданбай,
Сенді қатты тұла бой.
Болсам деген үміттің
Бәрінен бездім, ұмыттым.

Аямады еш уақыт,
Дүние маған ашуын.
Алыстады һәм бақыт
Тоңтатпастан қашуын.
Қаматпай жүрек тасқынын,
Босатсын дүние қашқынын.

Зылиқасын көрсе де,
Жүрек енді ашылмас.
От, жалындар енсе де,
Махаббатқа бас ұрмас.
Дос іздедім, қамдандым;
Таба алмадым, алдандым.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Дүниедегі қызықтың, Дуниедеги кызыктын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016