Біреу бай, біреу жарлы сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Біреу бай, біреу тере, біреу жарлы,
Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды.
Атаңды жау шапқанда бірге шауып,
Борсықтар семіріп жүр көміп арды.

Қайдан табам халықтың шын баласын,
Суын сүзіп, ақтарсам тау, даласын?!
Көкті кезіп ұшсаң да бір таба алмай,
Арманда боп әзірге сандаласың.

Ондай адам болған ғой, болар тағы,
Өмірлік барлық ісі — елдің қамы.
Ер еңбегі жалпыға бірдей ортақ,
Жарқ етер әлі-ақ бір күн бақыт таңы.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Біреу бай, біреу жарлы, Биреу бай, биреу жарлы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016