Альбомнан сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Жетуге құмар жоғары.
Қайдан жаман болады?
Талпыну бар, талап бар,
Бүйткен адам оңады.

Нәзік дауыс, әнге ұста,
Разы, шат тұрмысқа.
Жұғымды мұндай бала жоқ
Бұл маңайда, бұл тұста.

Асырауға көнеді,
Деп кеңілім сенеді.
Қандай ұрық ексең де,
Сөзсіз жеміс береді.

Жаттығы жоқ адамға,
Именетін жаман ба?
Оқығанға кез келіп,
Түсінсе еді заманға.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Альбомнан, Альбомнан сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016