Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын сөзі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Бөлісу:


Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын,
Ақ анар, жұпар иіс, мамық қойын.
Мінезді, сөзге епті, әңгіме ұста,
Өмірдің қыздыратын жастық тойын.

Сүйріктей ақ білекті шебер саусақ,
Ақ шаңқан балапандай тұрған жусап.
Жаратылыс мақтаны — сұлу қызды
Көрген сайын құмарық артар сусап.

Ақ уыз — дене көркі, тік қос алма,
Магниттей тартқызған көрген жанға.
Әзірге көргенмен де, көптің бірі,
Мендік боп, мені сүйсең арман бар ма!
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Султанмахмут Торайгыров, Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын, Аккудай улбиреген сунгак мойын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016