Жайнаған Алматым сөзі

Сұлтанғали Лұқпанов

Жайнаған Алматым

0
0

Бөлісу:


Көркіңе көз тоймас келбетті,
Үйлерің әшекей өрнекті.
Күнменен таласқан шығыста
Өзіңдей қала жоқ сәулетті.
 
 
Қайырмасы:
 
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.
 
 
Күміс қар жамылған шың басы,
Алатау тұр асқақ тұлғасы.
Шаттығы шалқыған етегі,
Бұлбұлын сайраған тыңдашы!
 
 
Қайырмасы:
 
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.
 
 
Аймалап нұрлы күн шапағы,
Шұғыла қалама шашады.
Салтанат жарасқан Алматым,
Қонаққа құшағын ашады.
 
 
Қайырмасы:
 
Жайнаған Алматым – нұр қала,
Көңілді, шуақты жыр қала.
Бауырлас достықтың мекені,
Құлпырған жасампаз гүл қала.
 
Сұлтанғали Лұқпанов, Султангали Лукпанов, Жайнаған Алматым, Жайнаган Алматым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

19.10.2015