Ұлттық тілім - ана тіл сөзі

Сұлтанғали Лұқпанов

Ұлттық тілім - ана тіл

0
0

Бөлісу:


Әлемнің шам шырағы күн де дара,
Адамның жан жүрегі діл де дара.
Бұйырған бір халықтың маңдайына
Тірліктің тілмашындай тіл де дара.
 
 
Қайырмасы:
 
Ойымның нәрі – Ана тілі,
Тойымның сәні – Ана тіл.
Даңқымның тауы – Ана тіл,
Халқымның ары – Ана тіл.
 
 
Ежелден атам мирас еншіміз де,
Сөйлесер болашақпен елшіміз де.
Халқымыз қазақ тілі қазынасы,
Қастерлеп жайнатар деп сенсін бізге.
 
 
Қайырмасы:
 
Ойымның нәрі – Ана тілі,
Тойымның сәні – Ана тіл.
Даңқымның тауы – Ана тіл,
Халқымның ары – Ана тіл.
 
Сұлтанғали Лұқпанов, Султангали Лукпанов, Ұлттық тілім - ана тіл, Улттык тилим - ана тил сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

19.10.2015