Біздің ауыл осындай сөзі

Сұлтанғали Лұқпанов

Біздің ауыл осындай

0
0

Бөлісу:


Кел, жолдасым, қонақ бол,
Кел аулыма жайнаған.
Аулым – табыс ордасы,
Қызу еңбек қайнаған.


Қайырмасы:
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!



Тербетілген толқындай,
Алтын астық айналам.
Қырда қыруар қалың мал,
Бау бақшалы сай-салам.


Қайырмасы:
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!



Жалын атқан жанары,
Ауыл толы жастарым,
Бақытын ұдай табады,
Бейбіт күні ашық аспаным.


Қайырмасы:
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!



Абырайың асады,
Келші, досым, ауылға.
Көңілің көл боп тасады,
Жаңалық көп ауылда.


Қайырмасы:
Ен жайлауды жайлаған
Біздің ауыл осындай!

Сұлтанғали Лұқпанов
Сұлтанғали Лұқпанов, Султангали Лукпанов, Біздің ауыл осындай, Биздин ауыл осындай сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015