Садриддин соқ-соқ сөзі

Сұлтан Ахмет

2019

0
0

Бөлісу:



Сен қазақтың сарбазы жүрек жұтқан
Кез келген қарсыласты ұрып жыққан
Намысын бермей тұғын туған елдің
Сен соққанда қарсылас тілін жұтқан
Қолдауға келісті сені елдің бәрі
Бойыңда таза қазақ ердің қаны
Соқыны сезбей тұғын батыр жүрек
Ел үшін шығып жатыр тердің бәрі

Қайырмасы
Садриддин соқ-соқ
Қарсылас көп-көп!
Садриддин соқ-соқ
Шегінер жол жоқ жоқ
Садриддин соқ-соқ

Биікті бағындырған жас жүрегім
Темірден қатты сенің қос білегің
Биікке желбірету туым едің
Арманың осы еді басты сенің
Сен бәрін қиратасың жігерің көп
Себебі көзіңде оқ жүрегіңде оқ
Батырлар ұрпағы жалғасы сен
Бір алла қолдап жүрсін тірегің боп

Қайырмасы
Садриддин соқ-соқ
Қарсылас көп-көп!
Садриддин соқ-соқ
Шегінер жол жоқ жоқ
Садриддин соқ-соқ

Сұлтан Ахмет, Султан Ахмет, Садриддин соқ-соқ, Садриддин сок-сок mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

10.04.2019
Қолданушылар