Астана кештері сөзі

Сүлеймен Ибрагимов

2017

0
0

Бөлісу:



Күн батса сағынып қалғандай боп
Сұлу кеш құшақтар қаланы
Астана шамдары маржандай боп
Біртіндеп көбейіп барады

Есілдің жағасы ертегідей
Еркелеп самал жел еседі
Көңілдің керемет көктемінде
Ғажап- ау Астана кештері

Ғимарат сарайлар асқаралы
Асқақтап аспанмен тілдескен
Арқаны аруы Астананы
Оранып ғасырмен үндескен

Бақыттың бағына айналдыңай
Қазақтың даласы кешегі
Ешкімді қоймайды таң қалдырмай
Арайлым Астана кештері

Еділ өзенде алтын аққан
Көліктер жарқырап зулайды
Астана жүректе жалын атқан
Соғуын мәңгілік қоймайды

Кеудемді кернеген шаттық әні
Елімнің еңбегі еседі
Жанымда жатталып қалды мәңгі
Сүйкімді Астана кештері


Сүлеймен Ибрагимов, Сулеймен Ибрагимов, Астана кештері, Астана кештери mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

15.05.2018
Қолданушылар