Сұраншыға сөзі

Сүйінбай Аронұлы

0
0

Бөлісу:


Батыр - ай, кедейшілік жаман екен,
Бұл дүние азулының заманы екен.
Қолдаушың арт жағыңда көп болмаса,
Жауапсыз кедей жазған қалады екен.
Күжірейіп мына отырған Көпірбайың,
Бермеді Сүйінбайға тайдың майын.
Тай тұрсын, Сүйінбайға сен кімсің деп,
Жауапсыз бос қайтарды айтпай жайын.
Бар дейді мырза төре Тезек деген,
Жыланып Итенбайың безектеген.
Үш жүз жылқы ішінен тай тимеді,
Итенбай аттың майын беред деген.
Тезекке ойланып ем барайын деп,
Осындай сұрап едім керекпенен.
Өлеңді сөйлегеннен аянбадым,
Жеңген соң кедейшілік баяуладым.
Батыр-ай, атты қайдан мен аламын,
Шоңқайып қараша үйде жаяу қалдым.
Түспей не ғып тұр екен жер мен аспан,
Бос отырып кедейлар өле ме аштан?
Жылап жүрген нашарға көз салмайды,
Байдан - бейіл, батырдан - рахым қашқан.
Сүйінбай Аронұлы, Суйинбай Аронулы, Сұраншыға, Сураншыга сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016