Кек сөзі

Smitty

Кек

1
0

Бөлісу:


 
Ешкімде шатағы жоқ жігіт көшемен келеді,
Ұялы телефонын жаңадан сатып алып еді.
Сүйгеніне соны мақтан етіп айтып келгенде,
Артынан соққы тиіп ол құлады етбетінен.
Жігітке керек емес бостан-босқа қол көтеріп,
Тәрбиелемеген Анасы оны ұруға бөтенді.
Ұялысын кері қайтаруды одан сұрады?
Ал баукеспе болса оны, тағы бір рет ұрады.
Намысын қолдан бермей жауап соққы береді,
Баукеспе жерге құлап біреуге белгі береді.
Жігіт ұялысын жерден алайын деп жатқан кезде,
Баукеспенің кенеттен төрт жолдасы жүгіріп келеді.
Біреуі соққы береді қалғандары жабылады,
Жігіттің мұршасы болмай, тізеге тұрады.
Тобырдың басшысы жігітті жерге құлатады,
Қалғандары оның қол-аяғын ұстап тұрады.
Баукеспе қатігездік көрсетеді бейшараға,
Өзі бастап-таяқ жегені үшін өшін алады.
Пышағын шығарып, жігіттің бетін тіледі,
Жымиып «Мені мәңгілік есіңде сақтап жүр!» деді.
Тепкінің астында қалған жігіт қансырап жатады,
Көзін жұмса болғаны баукеспені еске алады.
Есін жинап әйтеуір кетеді үй жағына қарай?
Басында бір сұрақ: енді мына түріммен жүрем қалай?
 
Екі-үш апта өткен соң жазылып қалады жігіт,
Ал достары баукеспенің мекенін алады біліп.
Ақырындап кек жоспарына кіріседі бәрі,
Тірлікті бастайды жігіт әлі жетпесе де әлі.
Қаланың шеткі жағында оқиға жалғасады,
Баукеспе сол күні көшеде жалғыз келе жатады.
Көңіл күйі тамаша, шегіп алған анаша.
Күтпеген жерден қасына көлік келіп тоқтады.
Беттерін жасырған жігіттер шығады көліктен,
Оларды көрген баукеспе, бірден қаша жөнелді.
Төмендегі сай жаққа қарай барлығы қуа бастады,
Баукеспе бір талдың артында жасырынып отырады.
Жүрегі дүрсілдеп қаны шабады басына,
Жердегі бөтелкемен ұрады қуғыншының басынан.
Әрине артынан өйткені су жүрек қоян,
Бірақ көп кешікпей жігіттің өзі оны ұстап алад.
Қоршаған жігіттер үрей туғызады жауызға,
Үндемей тұрған жігіттерді алғысы келеді бауыздап.
Бірақ қазір ол жалғыз, ештеңе істей алмайды,
Оған қазір бұл жерде, үндемей тұрған қолайлы.
Өткенде жауыздан таяқ жеген әлгі жігіт,
Енді сөйлей бергенде жауыз шықты көйлегін жыртып.
Не ойларың бар, «істесеңдер тез істеңдер» деді,
Жігіт жауап берді оған «мынау сенің есіңде ме?» деп.
Мәңгілікке қалған бетіндегі жарақатты көріп,
Баукеспе-батыр бәрін түсініп бірден қалады сөніп.
Жігіттер тепкіге алады жауызды мүгедек қылады,
Сөйтіп жігіт ақыры, өшін алғандай болады.
Сторителинг аяқталғанда ойланыңдаршы,
Қазақ бауырларым, бір-біріңді аясаңдаршы!
Гоп-стоп жасап, бір-біріңнен кегіңді алу,
Ештеңеге апармайды мұндаймен мәселе шешу.
Қазір жиырма бірінші ғасыр, техника заманы,
Баспен жұмыс істеу керек қолға алып болашақты.
Сөздерімді түсінген қазаққа мәңгілік құрмет,
Төбелестен аулақ досым, тек қана сабыр
Smitty, Smitty, Кек, Кек сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Anonymous

04 Қараша 2016

алыу

GM

Сөзін қосқан

31.10.2015
Бейнеклип
Smitty
Кек