Сағыныш сазы сөзі

Сержанәли Әлібек

Сағыныш сазы

0
0

Бөлісу:


Табиғат тұр тамылжыған таң алдында
Тағы да жадыма сен оралдың ба?
Қиял шіркін тек өзіңе асығады
Сан тарау жол тұрса дағы алдымда.

Қайырмасы:
Екеуміз екі жақта
Сағындым ғой, сағынды жүрегім.
Сүйем деген сөзіңді
Қуат етіп жүремін.

Өмірімнің тұп-тұнық бұлағысың
Сездірмей өтті талай жыл ағысын
Кете бардың алысқа арман қуып
Қимастықтан жүрегім жылады шын.

Қайырмасы:
Екеуміз екі жақта
Сағындым ғой, сағынды жүрегім.
Сүйем деген сөзіңді
Қуат етіп жүремін.

Не жетеді бақытты сол бес күнге
Бұл сезімді бастан сен де кештің бе?
Біздегі  алаулаған от-жалынды
Өшіре алмас сірә, енді ешкім де.
 
Қайырмасы:
Екеуміз екі жақта
Сағындым ғой, сағынды жүрегім.
Сүйем деген сөзіңді
Қуат етіп жүремін.
Сержанәли Әлібек, Сержанали Алибек, Сағыныш сазы, Сагыныш сазы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015