Өзіңді қайта көрмедім сөзі

Сержанәлі Әлібек ft. Мақпал

Өзіңді қайта көрмедім

0
0

Бөлісу:


С: Жабығып жүрген жан едім,
Жалғыздық кімге жарасқан.
Кездессе деп едім бір бақыт,
Айменен көркі таласқан.
 
М: Ашылып сана сен кірдің,
Жер беті кетті нұрланып.
Әр сөзі тілек жақсылық,
Қараумен болдым нұрланып.
 
Қайырмасы:
Күз болып күттім, өтті ызғар,
Санамда жылы жақ маздар.
Айдын ау қайда аққулар,
Айналам толы ақ қаздар.
Сағынышымсың сен менің,
Білсең ғой қалай шөлдедім.
Іздедім қанша іздедім,
Өзіңді қайта көрмедім.
 
М: Сен маған енді кездеспей,
Қалпыңда осы қал, күнім.
Ойымда менің жоқ сұрақ,
Өзгенің қимас алтынын.
 
С:Сен маған енді кездеспе,
Жырлаумен өтсін әр күнім.
Осынау жердің бетінде
Бір асыл жанның барлығын.
 
Қайырмасы:
Күз болып күттім, өтті ызғар,
Санамда жылы жақ маздар.
Айдын ау қайда аққулар,
Айналам толы ақ қаздар.
Сағынышымсың сен менің,
Білсең ғой қалай шөлдедім.
Іздедім қанша іздедім,
Өзіңді қайта көрмедім. 

Сержанәлі Әлібек ft. Мақпал, Сержанали Алибек ft. Макпал, Өзіңді қайта көрмедім, Озинди кайта кормедим сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

23.10.2015
Бейнеклип
Сержанәлі Әлібек ft. Мақпал
Өзіңді қайта көрмедім