Ұшқан бақыт сөзі

Серілер тобы

Ұшқан бақыт

0
0

Бөлісу:


Толқынданып қолаң шаштарың
Қиылып тұр қара қастарың
Көңілімнің мөлдір гүліндей
Көз қиығын кімге тастадың 2

Ұшқан бақыт қайта қонбайды
Махаббаттың орны толмайды
Табамын ғой мен де басқаны
Бірақ ешкім сендей болмайды 2

Ұмыттың ба алма бағымды
Ұмыттың ба салған әнімді
Сенен басқа мынау жалғанда
Кім түсінер менің жанымды 2

Оралды ғой құстар бағына
Күтіп жүрмін сені сағына
Қара көзім талса қайтейін
Қарай, қарай сенің жолыңа 2
Серілер тобы, Серилер тобы, Ұшқан бақыт, Ушкан бакыт сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

29.01.2016