Кешіккен махаббат сөзі

Серікбол Сайлаубек & Назгүл Азамат

2017

3
0

Бөлісу:



Байқатпай сүйдім көздің қырымен
Жүрегімді еітіп бердім шынымен
Неге бұрын маған жолықпағансың
Жас кезімде еркем қайда жүріп ең
Жас кезімде еркем қайда жүріп ең
Мені көріп бәрін ұмытасызба
Жүрегіме бақыт жуытасызба
Жас жүректі берсең мендегі нәзік
Махаббатпен ағай жылытасызба
Махаббатпен ағай жылытасызба
Қайырмасы:
Менің жылым тоқсан бес
Менің жасым отыз бес
Болмайды десең болмайды еш
Махаббат келген кешігіп
Алмайықшы енді өшіріп
Жан сырыңды маған арнадың жаным
Мен білмедім биік талғамым барын
Сүйдім дағы мені сүйдіріп алдың
Орындалды міне арманым жаным
Орындалды міне арманым жаным
Ғашықтардың бағын аралай келемін
Жүрегіңіз мені бағалайды екен
Сезіміме менде таң қалып тұрмын
Шын махаббат жасқа қарамайды екен
Шын махаббат жасқа қарамайды екен
Қайырмасы:
Менің жылым тоқсан бес
Менің жасым отыз бес
Болмайды десең болмайды еш
Махаббат келген кешігіп
Алмайықшы енді өшіріп
Ұстайыншы сенің қолыңнан лайым
Бола көрме енді жолымнана ғайып
Жүрегіңмен сенің үлескендеймін
Ғашықтардың бірге жолын жалғайық
Ғашықтардың бірге жолын жалғайық
Адастырмас бақыт алып келіңіз
Сенде мәңгі қалып көріңіз
Қос жүректің бірге алауын жағып
Өміріме менің жарық беріңіз
Өміріме менің жарық беріңіз
Қайырмасы:
Менің жылым тоқсан бес
Менің жасым отыз бес
Болмайды десең болмайды еш
Махаббат келген кешігіп
Алмайықшы енді өшіріп


Серікбол Сайлаубек & Назгүл Азамат, Серикбол Сайлаубек & Назгул Азамат, Кешіккен махаббат, Кешиккен махаббат mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

kanat

19 Сәуір 2017

jaksi

Айгул

Сөзін түзеткен

07.02.2018
Қолданушылар