Жұбайыма! сөзі

Серікбол Қадемов

Жұбайыма!

0
0

Бөлісу:


Болса да бұл өмірдің заңы қатты,
Мен күткен қуаныштың таңы да атты...
Төрт жылдық махаббаттың нәтижесі -
'Сенімен көтергенім шаңырақты'...
 
Енді сені бөлеймін жыр-әнменен,
(Жыр-әнменен жаралған мынау денем)
Алла менің оңдады тілегімді,
Үйіме сені келін қылам деген!
 
Бақытым болса деймін лайым шын,
Сен менің жарқыраған күн-айымсың!
Сен менің Құдай қосқан бұл өмірде,
Ең соңғы, ең бірінші жұбайымсың!)
 
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Жұбайыма!, Жубайыма! сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015