Түс сөзі

Серікбол Қадемов

Түс

0
0

Бөлісу:


Арман-қиял алаулаған от дер ем,
Сол қиялдан туатындай отты өлең.
Күндіз-түні ойлағасын түсімде,
Соңғы кезі машинаны көп көрем!
Тағы көрдім тәтті түсте кеше мен,
(Сол түсімнен туындады осы өлең)
Бір көлікке мініп алғам, әйтеуір,
Келем екен Ақтөбеде көшемен.
Opel екен астымдағы көлігім,
Әттең бірақ сол түсімнің соңы мұң.
Будильнигім көлігімнен шығарып,
Таң атқанда түсіп кетті көңілім.
Енді қалай көлік алмай жүре алам,
Қалтадағы босқа тұр ма правам?)
Тұңғыш ұлы болғасын ба, үйдегі,
'Көлік емес, келін ал' деп жүр анам.
Келінді де, көлікті де алармын,
(Тек көлікке байланғаны-ай санамның)
Одан бұрын тілейтінім Алладан,
Амандығы әкем менен анамның!
 
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Түс, Тус сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015