Түңгі сағыныш сөзі

Серікбол Қадемов

Түңгі сағыныш

0
0

Бөлісу:


Терезеден тамшысына жаңбырдың,
Қарап талай түндерімді таң қылдым.
Жүрегімді ауыртады, біздерге,
Бір болуға жазбағаны тағдырдың.
 
Сені ойлаумен ұйқыны да ұмыттым,
Өмірді мен тек сүю деп ұғыппын.
Өзің жаққа қарай берем тынбастан,
Шырағы әлі сөнбегендей үміттің.
 
Жұбатамын, өзімді-өзім алдаймын,
Шын мәнінде, сағыныштан сарғайдым.
Сені ұмыту мүмкін емес, сол болды,
Менің қазір бойымдағы бар қайғым.
 
Аққуым ең, айдынымда сыңар ең,
Екеумізге тар болды ма бұл әлем?!
Басқа жанды жұбаныш қып қайтемін,
Сендей бірақ сүймеймін ғой мына мен.
 
Сен мен үшін шын мәнінде өмір ең,
Жүрегімнің орын алдың төрінен.
Сағыныштан әлсіреген кейде мен,
Сенсіз өмір сүре алмастай көрінем.
 
Сені қалай ұмытайын, алтыным?
Жүрегім де тапқан емес сәл тыным...
Менің ыстық махаббатым осылай,
Керісінше, басы - тәтті, арты - мұң...
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Түңгі сағыныш, Тунги сагыныш сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015