Туған өлкеме сөзі

Серікбол Қадемов

Туған өлкеме

1
0

Бөлісу:


Оралым-асыл қалам,
Жайқалған жасыл қалам!
Сағыныш саған деген,
Ешқашан басылмаған!
 
Өлкемсің оттан ыстық бір мен үшін,
Қашанда мақтанышпен іргелісің.
Шалғайда жүрсе дағы сағынышпен,
Ұлыңның аңсап сені жүргені шын.
 
Алла жазса, жол тартам саған енді,
Сағындым ғой өзіңдей бағалы елді.
Шыңғырлауды көремін, Жаңғаланы,
Қаратөбе, Бөрліні қала берді...
 
Өлкем, саған көп еді айтарым да,
Сағынышын ұлыңның байқадың ба?
Ыстық маған Орда мен Жәнібегің,
Ыстық маған Тасқалаң, Тайпағың да.
 
Ал, халқымның мен yшін ерек құны,
Жырға қосып айтуым керек бұны...
Сағындым ғой, сағындым жұрты жайсаң,
Зеленовты, Сырымды, Теректіні.
 
Туған өлке - айбынды, асқақ ұғым,
Жалындаған қазір де жастары мың.
Мен сенімен қашан да мақтанамын,
Көктерегім, Жалпақтал, Қазталовым!
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Туған өлкеме, Туган олкеме сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015