Сол көктемім... сөзі

Серікбол Қадемов

Сол көктемім...

0
0

Бөлісу:


Қайран менің оралмас сол көктемім,
Жанарымды жауладың көл боп менің.
Сені сүйген жүрегім бұл өмірдің,
Кездесу мен қоштасу көрді өткелін.
 
Қайран көктем! Қайран сол жаңбырлы күн,
Неге сонша жаныма қалдырды мұң.
Қол ұстасып, бір жүрген қайран күндер,
Сені аңсаумен өтуде әрбір күнім.
 
Қайда жүрсің, мен сені таба алмадым,
Қалғаным ба көз жазып, жан арманым?..
Тек өзіңе аяулым, аңсағаным,
Ән арнағым келеді, ән арнағым...
 
Жауап таппай қиналдым сауалдарға,
Қол созған ек кеше біз сан арманға...
Бәрі қазір елес боп артта қалды,
Жазғанына тағдырдың амал бар ма?
 
Қауышатын, білемін, жол жоқ кері,
Көңілім де соншалық болды өкпелі...
Қадіріңді мен байғұс білмеппін-ау,
Өмірімнің оралмас сол көктемі.
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Сол көктемім..., Сол коктемим... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015