Өзің жайлы көтерген жеке мұңды... сөзі

Серікбол Қадемов

Өзің жайлы көтерген жеке мұңды...

0
0

Бөлісу:


Өзің жайлы көтерген жеке мұңды,
Жүрегіме білмеймін не етерімді...
Сен де, қалқам, білмейсің мына менің,
Сыртыңнан саған ғашық екенімді...
 
Сен Күнімсің жылытқан қара күзді,
(Сен туралы жыр жазар қалам ізгі...)
Сен білмейсің, біздерді әлеуметтік,
Желі ғана жалғап тұр арамызды...
 
Түн болса да, қалқам-ау, таң атса да,
Жиі кірем мен сенің парақшаңа.
Суретіңе қарауды қоя алмаймын,
Екі көзден жас емес, қан ақса да...
 
Айтсам ба екен сырымның жайып бәрін,
Сөзсіз оған ренжіп айыптарың...
Сен жазбайсың 'сәлем' деп... Келетіні,
Суреттерге мендегі 'лайктарың'.
 
Неткен жансың, білмеймін, періште ме ең,
(Қандай тәтті қылықтар сен істеген...)
Ғашықтықтың зардабын тағы тарттым,
У қалды ма, ей, өмір, мен ішпеген...
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Өзің жайлы көтерген жеке мұңды..., Озин жайлы котерген жеке мунды... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015