Сол сезіммен жүрген жанмын тыныстап...
Парақшаңа тағы кірдім, беу, шіркін,
Суретіңді көрдім тұрған гүл ұстап...
Сені ойлаумен өтіп жатыр әр күнім,
Суретіңе қарай-қарай балқыдым.
Мен жайында білмей-ақ қой, онсыз да,
Екеуміз еш жолықпаймыз, алтыным!
Сезімімді жасыра алман бұлқынған,
(Құдай жаным келбетіңнен құлпырған!)
Мен жайында мәліметті іздеме,
Ғашық болып жүре берем сыртыңнан!
(Өмір - біреу... Өтесің де, кетесің)
Қапа болма, ызаланба, көкешім,
Саған тіпті тең келмейді әнеу бір,
Рианаң да, Джолиің мен Лопесің!
Сенсіз, білем, мен байғұсқа қайғы әр күн,
Жылдар жырға толғанменен, айлар - мұң!
Сені мынау дүниеге әкелген,
Ата-анаңның сезімінен айналдым!
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Махаббатты деуші еді ғой ырыс, бақ..., Махаббатты деуши еди гой ырыс, бак... сөзі, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store