Күз бен біз сөзі

Серікбол Қадемов

Күз бен біз

0
0

Бөлісу:


Өткен күнге сағынышпен салып із,
Қауышуға дәрменсізбіз тағы біз...
Біз қыдырған баққа қарай бет алам,
Бұл әлемге келген кезде сары күз.
 
Сені іздеймін мынау сары бақтардан,
Үнсіз бірақ сезімім мен тәтті арман.
Тек жүректе жатыр қазір бір өлең,
Естелік боп қалған сонау шақтардан.
 
Жүрегімнен оны қалай сызайын,
(Бейтаныстай боп кеттік қой біз, айым)
Көңіліме бір келесің жылына,
Мен басымнан өткергенде күз айын.
 
Махаббаттың енді келмес көктемі,
Көңіл оған өкпелі ғой, өкпелі...
Бізді қосқан, айырған да күз еді,
Күзден асқан қатігездік жоқ тегі...
 
Сағыныш боп қол бұлғаған шалғайдан,
Күз де, біз де бейшарамыз сарғайған...
Көкіректен кетпейтұғын бір сауал,
Дәл өзіңдей табар екем жан қайдан...?
 
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Күз бен біз, Куз бен биз сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015