Қоштасу сөзі

Серікбол Қадемов

Қоштасу

0
1

Бөлісу:


Өзің едің әуелеген алғашқы ән,
Сол әуеннен бір түнеріп қалды аспан.
Екеумізді екі жаққа айырған,
Бұл тағдырдан қатігездік бар ма асқан?
 
Иә, жаным, қатігез ғой тағдырым,
Жанарымда жібімейтін қалды мұң...
Сенің ғана келбетіңді сағынып,
Келем, жаным, сезіне алмай таң нұрын.
 
Жүрегімнің бола алмадың сыңары,
Бәлкім бұл да тағдырымның сынағы?!!
Екеуміздің жолымызға жарық боп,
Махаббаттың төгілмеді-ау шуағы.
 
Неге, жаным, неге ғана таныстық?
(Бір көргеннен болдың маған жан ыстық)
Тағдырымның білмедім ғой, білмедім,
Сені менен әкетерін алыс қып.
 
Үмітімді қалайша мен үзбеспін,
Сені ойласам жылу емес, мұз кештім...
Мәңгі бірге бола алмасым белгілі,
Келгеніммен қайта өзіңмен жүздескім.
 
Қош бол, жаным, жараладың жанымды,
Арнай алмай кете бардым әнімді...
Мәңгі бірге болмасамда жаныңда,
Бір Алладан тілеп өтем бағыңды!
 
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Қоштасу, Коштасу сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

25.10.2015