Қалағаным!... сөзі

Серікбол Қадемов

Қалағаным!...

0
0

Бөлісу:


Қалағаным!
Саған деп жүрек шіркін салады әнін.
Сен жайлы ғаламторға жыр жазамын,
Сол ғана қолдан келер бар амалым.
 
Күнім деп ем!
Айналдым көздеріңнен күлімдеген.
Кез-келген ақын, қалқам, сені көрсе,
Сезімі тіріледі тірілмеген.
 
Жүз қарадым!
Жүзіңе! Бейтаныспыз біз, қарағым.
Сен мендік болмасыңды біле тұра,
Мен сені бәрібір де қызғанамын!
 
Қылықтымсың!
Сен десе өз-өзімді ұмыттым шын.
Бүгін де парақшаңа кіріп едім,
Тағы да жанарыңмен күліп тұрсың!
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Қалағаным!..., Калаганым!... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015