Ішкі мұң сөзі

Серікбол Қадемов

Ішкі мұң

0
0

Бөлісу:


Мұнайым-ай, жерастына сыймаған,
(Құдай бізге сені қалай сыйлаған?)
Мұнайы мол елде тұрып, мен байғұс,
Машинама бензин таппай қиналам!
 
Бізді әлем мұнайы мол ел дейді,
Бұл сөзіме сенбе мейлі, сен мейлі...
'Тек талонмен береміз' деп сатушы,
10 литрден артық бізге бермейді
 
Шарасызбын, енді кімнен сұрайын,
Өз еліме жетпей жатыр мұнайым!
Өзге елдің пайдасына жаратқан,
Мұнайыңды не қылайын, Құдайым?!
Серікбол Қадемов, Серикбол Кадемов, Ішкі мұң, Ишки мун сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

24.10.2015